31.08.2026
8 айда мемлекет тарапынан кәсіпорындарға 400 млн теңгеден астам шығындары өтелді – Все права защищены. Использование материалов разрешается только при наличии активной гиперссылки на официальный сайт: www.qazindustry.gov.kz.

Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Қазақстан кәсіпорындарына жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу түрінде мемлекет тарапынан 418,7 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

«QazIndustry» АҚ Мемлекеттік ынталандыру шаралары дирекциясының мәліметінше, аталған соманың негізгі бөлігі, яғни 416,1 млн теңге, кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға байланысты шығындарын өтеуге бағытталды. Оның ішінде технологиялық жабдықтар сатып алу, қызметкерлерді оқыту, цифрлық шешімдерді енгізу және басқа да шығындар бар.

Мемлекеттік қолдау машина жасау, металлургия, агроөнеркәсіптік кешен, жиһаз, пластмасса және резеңке бұйымдарын өндіру, жеңіл, химия, фармацевтика және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына көрсетілді.

Өтінімдердің басым бөлігі Шымкент, Алматы қалалары, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы кәсіпорындардан түскен.

Сонымен қатар QazIndustry өнімді ілгерілетуге байланысты шығындарды, оның ішінде халықаралық сертификаттауға және зертханаларда сынақ жүргізуге жұмсалған шығындарды, сондай-ақ аяқ киім өнімін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру (таңбалау) құралдарын салуға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындарын өтейді. Есепті кезеңде осы бағыттар бойынша 2,5 млн теңгеден астам шығын өтелді.

Айта кетейік, кәсіпорындарға жоғарыда аталған шығындарының 40%-дан 50%-ға дейінгі бөлігін өтеуге мүмкіндіктері бар. Бұдан бөлек, биылғы жылдан бастап Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өңдеу секторын одан әрі қолдауға бағытталған жаңартылған тетіктерді енгізді. Енді кәсіпорындар басымдық берілген тауарларды ел ішінде теміржол көлігімен тасымалдауға жұмсалған шығындарының 50%-ын өтей алады. Сондай-ақ халықаралық сертификаттауға жұмсалатын шығындарды өтеу көлемі бес есеге ұлғайтылып, 15 000 АЕК-ке дейін жеткізілді.

Кәсіпорындардың шығындарының бір бөлігін өтеу түріндегі мемлекеттік ынталандыру шараларын алу үшін өтінімдер QazIndustry ресми сайтында https://qazindustry.gov.kz/ru («Бизнесті ынталандыру» бөлімінде) онлайн түрде беріледі. Сондай-ақ мұнда қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тетіктері және қажетті құжаттар тізімі туралы толық ақпарат орналастырылған. – Все права защищены. Использование материалов разрешается только при наличии активной гиперссылки на официальный сайт: www.qazindustry.gov.kz.