21.03.2025
24-25 сәуір 2025 жылы Астанада Қазақстан машина жасау форумі өтеді

Қазақстан машина жасаушылар форумы – бұл мемлекеттің және бизнестің
тиімді өзара әрекеттесуіне арналған бірегей алаң, тәжірибе алмасу,
инновацияларды талқылау және саланы дамыту үшін жаңа жолдарды
іздеудің тамаша мүмкіндігі.
Машина жасау форумы Қазақстанның астанасында әлемнің 20-дан астам
елінен, соның ішінде мемлекеттік және бизнес өкілдері, ірі тұтынушылар мен
жетекші машина жасау өнімдерін өндірушілердің 1500-ден астам
қатысушысын жинайды.
Іс-шара аясында «EXPO» көрме орталығында «KAZAKHSTAN
MACHINERY FAIR 2025» халықаралық көрмесі өтеді, онда қазақстандық
және шетелдік машина жасаушылар өз өнімдерін көрсетеді.