Қаңтар айында Қазақстан машина жасаушыларының одағы сала кәсіпорындарын дамыту және қолдау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ өндірістік белсенділікті ынталандыруға және кооперацияны кеңейтуге бағытталған бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысын жалғастырды.
ӨҢІРЛІК ӨКІЛДЕРМЕН ЖҰМЫС
Қаңтар айында негізгі тақырыптар мен мәселелер талқыланған 4 отырыс өткізілді:
1. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің жұмысын іске қосу және «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ-ның Машина жасау жөніндегі салалық комиссия құрамындағы қызметі.
2. «Qazindustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ ұсынатын бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары.
3. Өнеркәсіптің цифрлық трансформациясы.
4. «Астаналық электротехникалық зауыт» ЖШС қызметінің таныстырылымы.
5. Ірі мұнай-газ кен орындарының операторлары сатып алатын тауарлардағы жергілікті қамтуды арттыру бойынша «Мұнай-газ машина жасауды дамыту халықаралық орталығы» қауымдастығы нысанындағы ЗТБ қызметінің таныстырылымы.
6. «Sailet» компаниясы қызметінің таныстырылымы.
7. Одақтың атқарылған жұмысы туралы ақпарат.6. Қазақстан машина жасаушыларының одағы атқарған жұмысы туралы ақпарат.
МЕМЛЕКЕТТІК, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ОРГАНДАРМЕН ЖҰМЫС
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
XIII Қазақстан машина жасаушыларының форумына қатысу үшін шетелдік кәсіпорындарды, қауымдастықтарды, іскерлік қоғамдастық өкілдерін, машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушылары мен жетекші өндірушілерін тарту бойынша жұмыс жүргізілді.
Форумға 20-дан астам елден 1 000-нан астам қатысушының қатысуы күтілуде.