07.04.2026
2026 жылғы наурыз айындағы «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ жұмысының қорытындысы

Наурыз айында Қазақстан машина жасаушыларының одағы сала кәсіпорындарын дамыту және қолдау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ өндірістік белсенділікті ынталандыруға және кооперацияны кеңейтуге бағытталған бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысын жалғастырды.


ӨҢІРЛІК ӨКІЛДЕРМЕН ЖҰМЫС


Ақпанда негізгі тақырыптар мен мәселелер талқыланған 4 отырыс өткізілді:

1. «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ұсынатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы.

2. «KASE SME Qadam Bonds» бағдарламасы арқылы баламалы қаржыландыру.

3. Қазақстан Республикасында тауар таңбасын, патенттерді, зияткерлік меншікті тіркеу тетігі.

4. «Макинский құю-механикалық зауыты» ЖШС, «Algarytm Integration» ЖШС, «ЛИТКОМ компаниясы» ЖШС қызметі туралы.

5. Одақтың атқарған жұмысы туралы ақпарат.


 

МЕМЛЕКЕТТІК, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ОРГАНДАРМЕН ЖҰМЫС

  1.  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісімен және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп машина жасау мәселелері бойынша заң жобасы әзірленуде («Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңы аясында бизнес субъектілерін санаттау критерийлері, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарға шағымдану тетігі, офтейк-келісімшарттар жасасу, қосарлы оқыту).
  2. Машина жасау жөніндегі салалық комиссия құрамында қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің жұмыс тетіктерін жетілдіру бағытында жұмыс жүргізілді. Оның мақсаты – отандық өндірушілер үшін барынша ашық әрі ыңғайлы құрал қалыптастыру.
  3. ҚР СІМ, ҚР ЖИЦДМ, ҚР СИМ, ҚР ҰЭМ, Eurasian Resources Group, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басшылығымен Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумына дайындық бойынша жұмыс кездесулер өткізілді.
  4. Қазақстан машина жасаушыларының одағы XII Форумының қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жалғастыруда. Аталған ұсынымдар келесі бағыттарды қоса алғанда, кең ауқымды мәселелерді қамтиды:
  • отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету;
  • Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттық жүйесін енгізу;
  • ЭКСЖ бойынша Ұлттық жобаны іске асыруға отандық тауар өндірушілердің қатысуы;
  • өнеркәсіптік робототехниканы енгізуге бағытталған бағдарламалық құжатты қабылдау, сондай-ақ экономиканың басым салалары үшін жабдықтар мен автоматтандыру құралдарын өндіруді ынталандыру арқылы еңбек өнімділігін арттыру.



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ


XIII Қазақстан машина жасаушыларының форумына қатысу үшін шетелдік кәсіпорындарды, қауымдастықтарды, іскерлік қоғамдастық өкілдерін, машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушылары мен жетекші өндірушілерін тарту бойынша жұмыс жүргізілді. 2-3 сәуірде өткен форумға 20-дан астам елден 1 000-нан астам қатысушы қатысты.