03.06.2026
2026 жылғы мамыр айындағы «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ жұмысының қорытындысы

Мамыр айында Қазақстан машина жасаушыларының одағы сала кәсіпорындарын дамыту және қолдау, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ өндірістік белсенділікті ынталандыруға және кооперацияны кеңейтуге бағытталған бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысын жалғастырды.



АЙДЫҢ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРЫ


21–22 мамыр

Атырау облыстық «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өңірдің машина жасау кәсіпорындарының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан машина жасаушыларының одағы қызметі таныстырылып, сондай-ақ саланы дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасау, өндірісті жергіліктендіру және Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің жұмыс істеуі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Одақтың Атқарушы дирекциясының директоры Талғат Базарбеков пен директордың орынбасары Махамбет Мендіғалиев өңірдің машина жасау кәсіпорындарын аралап, Атырау облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшылығымен кездесу өткізді.

 

26 мамыр

Астана қаласында онлайн форматта Қазақстан машина жасаушыларының одағы Басқармасының отырысы өтті. Отырыс аясында Одақтың ішкі қызметін жетілдіру, өңірлік кәсіпорындармен өзара іс-қимылды дамыту және сала қатысушыларын қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.



ӨҢІРЛІК ӨКІЛДЕРМЕН ЖҰМЫС


Мамырда негізгі тақырыптар мен мәселелер талқыланған 3 отырыс өткізілді:

1. «ERG» компаниясы кәсіпорындарының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тетігі және импортты алмастыру бағдарламасы туралы.

2. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының мақсаттары мен міндеттері және нысандарды жаңғырту барысында отандық тауар өндірушілердің өнімдерін пайдалану туралы.

3. «Railcast systems» ЖШС қызметі туралы.

4. Одақтың атқарған жұмысы туралы ақпарат.


 

МЕМЛЕКЕТТІК, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ БАСҚА ДА ОРГАНДАРМЕН ЖҰМЫС

 

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде машина жасауды дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасы екінші оқылымда қабылданды. Құжат отандық өндірушілерді қолдауға, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және қазақстандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған кешенді шараларды көздейді. Қазақстан машина жасаушыларының одағы заң жобасын қарау аясында талқылауға және ұсыныстар әзірлеуге қатысты.

2. Машина жасау жөніндегі салалық комиссия құрамында қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінің жұмыс тетіктерін жетілдіру бағытында жұмысы жалғасуда. Бұл отандық өндірушілер үшін барынша ашық әрі ыңғайлы құрал қалыптастыруға бағытталған.

3. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдерімен офтейк-келісімшарттар жасасу мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.

4. ЭКСЖ ұлттық жобасына қатысу үшін ҚТӨ тізілімі аясында СҚҚК-3 кодтарын беру бойынша ҚР ӨҚМ мен отандық тауар өндірушілермен жұмыс жүргізілуде.

5. ҚР экономика салаларын роботтандыру жөніндегі жобалық кеңсе құрамында жұмыс жалғасуда. Оның құрамына ҚМЖО Басқарма мүшесі, «Қазақстан автоматтандыру және робототехника қауымдастығы» ЗТБ президенті Владимир Туреханов және ҚМЖО Атқарушы дирекциясы директорының орынбасары Арман Ғалымов кірді.

6. ҚР Оқу-ағарту министрлігімен дуалды оқытуды іске асыруға байланысты кәсіпорындардың шығындарын мемлекеттік бюджетке енгізу мәселесін зерделеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

7. Қазақстан машина жасаушыларының XII және XIII форумдарының қорытындылары бойынша әзірленген ұсынымдарды іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жалғастыруда.