10.09.2025
2025 жылғы 5–8 қараша аралығында Ыстанбұл қаласында SMTECH Eurasia халықаралық металл өңдеу технологиялары көрмесі өтеді

Қазақстан машина жасаушыларының одағы Одақ қатысушыларын 2025 жылғы 5–8 қараша аралығында Ыстанбұл қаласында өтетін SMTECH Eurasia халықаралық көрмесінің ұйымдастырылатыны туралы хабардар етеді.

21 жылдық тәжірибесі бар бұл көрме металл өңдеу саласының болашағын айқындайтын лазерлік және плазмалық кесу станоктарынан бастап дәнекерлеудің озық жүйелеріне дейін заманауи технологиялар мен шешімдерді ұсынады.

SMTECH Eurasia көрмесі MAKTEK Smart көрмесімен қатар ұйымдастырылады, бұл қатысушыларға іскерлік байланыстар орнатуға, ынтымақтастықты дамытуға және нарықтағы соңғы инновациялармен танысуға мүмкіндік береді.


Неліктен SMTECH Eurasia көрмесіне бару керек?

  • Барлық өндірістік үдерістер бір жерде: лазерлік кесуден бастап беттерді өңдеуге дейінгі барлық жүйелер бір алаңда.
  • Тікелей жеткізушілермен кездесу: жергілікті, халықаралық өндірушілермен тілдесу мүмкіндігі.
  • Жаңа іскерлік байланыстар орнату: жаһандық жеткізу тізбегіңізге жаңа буындар қосыңыз.
  • Стамбұлдың стратегиялық орналасуының артықшылықтары: Еуропа мен Азия түйіскен жер, ыңғайлы қолжетімділік.
  • Tüyap халықаралық тәжірибесін ашыңыз: кәсіби ұйымдастырушы және қуатты жарнамалық желі.


Көрменің тақырыптары:

  • Металл өңдеу технологиялары
  • Лазерлік және плазмалық кесу станоктары, құбыр кесу станоктары
  • Пресс-пуансондар
  • Профильді машиналар
  • Пресстер
  • Кесу және бекіту құралдары
  • Электр жабдықтары, электроника
  • Машина элементтері мен бекіткіштер, тісті дөңгелектер, қосалқы өндірістік жабдықтар мен материалдар
  • Сақтау және штабельдеу жабдықтары мен машиналары
  • Конвейерлік және көліктік жүйелер


Байланыс:

Қазақстан машина жасаушылары одағының мүдделі қатысушыларын келесі байланыстар арқылы хабарласуға шақырамыз: +7 (7172) 79-27-95 (ішкі 208) немесе электрндық пошта: m.kuzmenko@smkz.kz.