30.09.2025
2025 жылғы 12–14 қараша аралығында Уфа қаласында Ресей өнеркәсіптік форумы және «Машина жасау. Металл өңдеу. Уфаның инновациялық әлеуеті» мамандандырылған көрмелері өтеді

Қазақстан машина жасаушыларының одағы өз қатысушыларын 2025 жылғы 12–14 қарашада Уфа қаласында өтетін Ресей өнеркәсіптік форумы мен Машина жасау. Металл өңдеу. Уфаның инновациялық әлеуеті» мамандандырылған көрмелері өтетіндігі туралы хабардар етеді.

Ұйымдастырушылар: Башқұртстан Республикасының Үкіметі, Башқұртстан Республикасының Өнеркәсіп, энергетика және инновациялар министрлігі, Башқұрт көрме компаниясы. Іс-шаралар Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің қолдауымен өтеді.

Жыл сайын форумға Ресей Федерациясының түрлі өңірлерінен және достас шет мемлекеттерден келген 250-ден астам спикер, сондай-ақ 120-дан астам көрме қатысушысы қатысады.

Іскерлік бағдарлама:

  • «Елдің технологиялық дамуының негізі: ғылым, өндіріс, кадрлар» тақырыбындағы пленарлық отырыс;
  • федералдық және өңірлік сарапшылардың қатысуымен 20-дан астам іскерлік іс-шаралар.

Бағдарламаның негізгі тақырыптары:

  • өңіраралық және халықаралық ынтымақтастық пен кооперация;
  • технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етудегі стандарттаудың рөлі;
  • станок жасау және инновациялық машина жасау;
  • өнеркәсіптік роботтандыру;
  • цифрландыру;
  • ұшқышсыз ұшатын аппараттар: өндіріс, инфрақұрылымды дамыту, саланы реттеу;
  • жасанды интеллект және киберқауіпсіздік және басқа бағыттар.

Өтетін орны: Уфа қ., Менделеев көшесі, 158, ВК «ЭКСПО УФА»

Байланыс: +7 (347) 295-98-97, 246-42-81, ar@bvkexpo.ru