10.10.2025
2025 жылғы 12-15 қазанда Шымкентте Иран Ислам Республикасының 3-ші сауда-өнеркәсіп көрмесі өтеді

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ Одаққа қатысушыларды 2025 жылғы 12–15 қазанда Шымкент қаласында өтетін Иран Ислам Республикасының 3-ші сауда-өнеркәсіптік көрмесі туралы хабардар етеді.

Бұл іс-шара екі ел арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға, өзара тиімді ынтымақтастықты арттыруға бағытталған маңызды халықаралық алаң болмақ.

Көрме аясында инженерлік-техникалық, сауда және инвестициялық бағыттар бойынша жетекші ирандық компаниялар өз өнімдерін ұсынбақ.

Сонымен қатар, көрмеде полимерлі құбырлар, құрылыс материалдары, болат және алюминий өнімдері, жиһаз, тоқыма және тұрмыстық техника, логистика мен сауда қызметтеріне арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ мұнай-газ саласына қажетті инженерлік және техникалық жабдықтар да ұсынылады.

Көрме барысында келушілерге сауда келісімдерін жасауға, өз өнімдерін таныстыруға және жаңа нарықтарға шығу жолдарын талқылауға мүмкіндік беріледі.


Күні мен уақыты: 12–15 қазан, 09:00-18:00

Өтетін орны: Халықаралық көрме орталығы