28.11.2025
2025 жылғы 10–11 желтоқсанда Астанада «Қазақстан–Иран 2025» бизнес-форумы өтеді

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ Одаққа қатысушыларды 2025 жылғы 10–11 желтоқсанда Астанада өтетін «Қазақстан–Иран 2025» бизнес-форумы туралы хабардар етеді.

Аталған бизнес-форумның мақсаты – екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту, экспорттық-импорттық әлеуетті арттыру және экономиканың негізгі салаларында бірлескен жобаларды іске қосу.

Форум бағдарламасында:

  • Қазақстандық және ирандық компаниялармен B2B-кездесулер
  • Инвестициялық мүмкіндіктерді таныстыру
  • Сауда, логистика және өнеркәсіптік кооперация мәселелері бойынша келіссөздер
  • АӨК, машина жасау, химия өнеркәсібі, құрылыс және фармацевтика салаларындағы бірлескен жобаларды талқылау


Форум екі елдің бизнес өкілдері арасында меморандумдар жасасуға, тәжірибе алмасуға және тікелей әріптестік орнатуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналады.

Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін байланыс:

Аблан Есентаев

+7 707 784 66 98

+7 777 284 66 98

Тіркелу формасы: https://forms.gle/wUHVtHkGCJRcu4Cn9