ШОБ машина жасау үшін қолжетімді қаржыландыру мәселелері талқыланды
2023 жылғы 5 маусымда Қазақстан машина жасаушылар одағы Басқармасының кезекті отырысы өтті. Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровпен өткен жұмыс кездесуінің қорытындылары туралы баяндады. Жиын барысында “Даму” АҚ арқылы ШОБ машина жасау үшін қолжетімді қаржыландыру және кешенді жоспар шеңберінде салықтық ынталандыру мәселелері кеңінен талқыланды.
“Біз ірі бизнесті “ӨДҚ” АҚ құралдары арқылы қаржыландыруды қамтамасыз етуді ұсындық. Шағын және орта бизнесті – қолданыстағы “Даму-Өндіріс” бағдарламасы аясында, 6%-бен арнайы машина жасау кәсіпорындары үшін бағдарламаның бағытын кеңейту ұсынылуда. Жобаларды қаржыландыруды Даму мен ӨДҚ арасында 50 – де 50 бойынша бөлу керек”, – деп атап өтті Мейрам Пішембаев.
Сондай-ақ, салықтық ынталандырудың бірқатар шаралары ұсынылды: металл өнімдерін импорттау кезінде ҚҚС төлеуден босату, жабдықтарды импорттау кезінде ҚҚС есептеу нормасын ұзарту, ҒЗТКЖ шығындарының 150% мөлшерінде салықтар бойынша шегерімдер, ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібі және т. б.
Өз кезегінде, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма мүшелері қаржыландырудың айтылған тетіктерін қолдап, бірқатар ұсыныстар жеткізді.