“Атамекен” ҰКП төралқасының отырысы өтті

2023 жылғы 7 маусымда “Атамекен” ҰКП төралқасының отырысы өтті. Жиын барысында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді отандық өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережелері, сондай-ақ Индустриялық сертификат беру қағидаларының жобасы талқыланды.

Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевтың айтуынша, индустриялық сертификатты үш санатқа бөлу (төмен/орташа/терең) және мемлекет реттейтін барлық сатып алуларда шартты жеңілдіктерді қолдану ұсынылады.

Сондай-ақ, Мейрам Пішембаев машина жасау саласында ҚҚС қолдану мәселесіне тоқталды.
“Жаңа Салық кодексі шеңберінде металл өнімдерін импорттау кезінде ҚҚС төлеуден босату, ҚҚС төлеу жөніндегі норманы есепке жатқызу әдісімен ұзарту ұсынылады. Бұдан басқа, жеңілдетілген тәртіппен машина жасау өнімін экспорттау кезінде ҚҚС – тың 100% қайтару және салықтық шегерімдерді ҒЗТКЖ шеңберінде пайдаланылған шығындардың 150% – на дейін ұлғайту қажет”, – деп атап өтті Қазақстан машина жасаушылар одағының басшысы.

Өз кезегінде, бұл шаралар отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Қолданыстағы өндірістерді жаңғыртуға және жаңа өндірістер құруға инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.