“Проммашкомплект” ЖШС

“Проммашкомплект” ЖШС – бұл Павлодар облысының теміржол кластерінің ірі кәсіпорны. Кәсіпорын 2012 жылы құрылған. Зауытта қызметкерлер штаты 700 адамды құрайды, қызметкерлердің орташа жасы – 29 жас.

“Проммашкомплект” зауытының жобасы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИДМБ-1) аясында жүзеге асырылды.

Зауыт өнімі-Қазақстан мен жақын шетел теміржол саласына арналған темір жол дөңгелектері мен бандаждар, бағыттамалы бұрмалар мен айқастырмалар.

Зауыттың техникалық мүмкіндіктері сапалы, қауіпсіз, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға, уақыт пен ресурстардың минималды шығындарымен тұтынушылардың өзгеретін сұраныстарына тез жауап беруге мүмкіндік береді.

2015 жылдың 19 қазанынан бастап зауытта IRIS стандарты енгізілді. IRIS халықаралық стандарты теміржол жабдықтарын жеткізу тізбегіндегі ақаулардың алдын алуға және азайтуға ерекше мән бере отырып, үнемі жетілдіруге мүмкіндік беретін бизнесті басқару құралы ретінде қолданылады.

2018 жылғы 11 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей эфир кезінде теміржолға арналған дөңгелектер шығаратын кешен іске қосылды. Пайдалануға берілген кешен әртүрлі диаметрлі және диск конструкцияларының тұтас илектелген темір жол дөңгелектерін (700-ден 1 250 мм-ге дейін) шығара алады.

“Проммашкомплект” ЖШС қазақстандық нарықтың темір жол дөңгелектеріне деген қажеттілігін толығымен жабуды жоспарлап отыр. Компанияның бағалауы бойынша Қазақстанда темір жол доңғалақтарына орташа қажеттілік жылына 40 мың.

“Проммашкомплект” ЖШС Бас директоры Игорь Голтвенконың айтуынша, үш жыл ішінде ішкі нарыққа 15 мың доңғалақ жіберілген, ал зауыттың қуаттылығы 200 мыңға жетеді.

Бұл жобаны іске асыру ИИДМБ – 2 форматындағы теңдессіз мемлекеттік қолдаудың арқасында мүмкін болды.

Кәсіпорын басшылығы өз алдына жаңа мақсаттар қояды және отандық тауар өндіруші мәртебесін сақтауға және қолдауға дайын.

“Проммашкомплект” ЖШС-нің басты мақсаты – ел дамуының инновациялық векторымен айтылған барлық белгіленген жоспарларды сенімді жүзеге асыру.