«ОТЗ» ЖШС жастар үшін бірқатар іс-шаралар өткізді

Қазақстан машина жасаушылар Одағы, әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бастамасымен, «Орал трансформатор зауыты» ЖШС негізінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері үшін экскурсия  өткізді.

Студенттерге экскурсияны өндіріс бойынша директоры Н. Абдуллаев жүргізді. Экскурсия барысында студенттер кәсіпорынмен, оның өндіріс жүйесімен танысты және нақты өзгерістердің нәтижелерін көре алды. «ОТЗ» ЖШС-нің тәжірибесі мен жетістіктері – бұл болашақ кәсіби қызметі үшін қажетті дағдылар мен білімнің керемет көрінісі.

Әрі қарай машина жасаушылар Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларымен кездесті. Балалар зауыттың тарихы туралы қызығушылықпен тыңдады, кәсіпорынның ерекшеліктерімен танысты. Әрбір студент жұмыс атмосферасына еніп, өндірістік нысандарды аралап, зауытта ұсынылған жұмысшы мамандықтарымен таныса алды.

Қазақстан машина жасаушылар Одағы «Орал трансформатор зауыты» ЖШС басшылығына бастамамызды қолдағаны үшін алғыс білдіреді және табысты еңбек тілейді.