“Қазақстан машина жасаушылар одағы” заңды тұлғалар бірлестігі 2004 жылы құрылған.
- Біз машина жасау және металл өңдеу саласының 694 тен астам кәсіпорнын біріктіреміз;
- ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде, ҚР Сауда және интеграция министрлігінде және “Атамекен” ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында тіркелген;
- Халықаралық бірлестіктермен және өнеркәсіптік кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатылды;
- Қазақстан бойынша 18 аймақтық өкілдіктер желісі бар.
Одақтың мақсаты :
- Отандық машина жасау саласын қолдау және дамыту, отандық машина жасау кәсіпорындарын біріктіру
Одақтың миссиясы:
- Отандық машина жасаудың бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған деңгейіне қол жеткізу
Еуропа мен Азиядағы 13 шетелдік инженерлік бірлестіктермен
ынтымақтастық байланыстары орнатылған
Халықаралық келісімнің атауы | Ел | |
1 | The Manufacturing Technologies Association -мен машина жасау саласындағы өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық туралы меморандум | Ұлыбритания |
2 | Германияның машина жасаушыларының одағы VDMA-мен машина жасау саласындағы өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық туралы меморандум | Германия |
3 | ТМД елдері бойынша Чехияның Сауда-өнеркәсіп палатасымен ынтымақтастық туралы меморандум | Чехия |
4 | “Франциялық сервистік компаниялар мен GEF-AFTP мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпқойларымен” машина жасау саласындағы өзара әрекеттестік пен және ынтымақтастық туралы меморандум | Франция |
5 | «KOAMI – Кореялық машина жасау қауымдастығымен» машина жасау саласындағы өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық туралы меморандум | Корея |
6 | “Anima – машина жасау өнеркәсібігінің италиялық қауымдастық федерациясымен” машина жасау саласындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік туралы меморандум | Италия |
7 | «Газ саласының жаңа технологиялары» жабдықтарын өндірушілер қауымдастықпен өзара ынтымақтастық туралы келісім | Ресей |
8 | «Mezogepyardok- Венгриядағы ауылшаруашылық машиналарын өндірушілер қауымдастығымен» өзара ынтымақтастық туралы келісім | Венгрия |
9 | «Машиналар мен металл өнімі» Салалық индустриалдық одақпен машина жасау саласындағы өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық туралы меморандум | Австрия |
10 | Испания машина жасау өндірушілерінің қауымдастығымен машина жасау саласындағы меморандум | Испания |
11 | Финляндияның Салалық Технологиялар Федерациясымен машина жасау саласында өзара әрекеттесу және ынтымақтасу туралы меморандум | Финляндия |
12 | Венгрия Республикасының ауылшаруашылық техникасын өндірушілердің ұлттық ассоциациясымен м ашина жасау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум | Венгрия |
13 | Татарстан Республикасы машина жасау кластері» Қауымдастығымен меморандум | Жаңа қала, Татарстан, Ресей |
Индустрияландырудың соңғы 10 жылында машина жасауда өндіріс көлемі – 4,8 есе, инвестициялар – 2,9 есе, экспорт көлемі – 3,5 есе өсті.
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан кезеңінде 1 807,4 млрд.теңгені құрады. Бұл ретте машина жасау үлесі өңдеу өнеркәсібінде 14% – ды және Қазақстанның барлық өнеркәсібінде 7% – ды құрады. ИФО -116,3%, ақшалай мәнде 1,8 трлн. теңге.
2021 жылғы қаңтар-сәуірде машина жасаудағы өндіріс көлемі ақшалай мәнде 648,2 млрд.теңгеге жетті және 2020 жылғы қаңтар-сәуірмен (517,1 млрд. теңге) салыстырғанда 25,4% – ға ұлғайды . Сала өндірісінің ИФО 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 120,6% құрады.
* Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы
Индустрияландырудың соңғы 10 жылында машина жасауда инвестиция көлемі 2,9 есе өсті.
Индустрияландыру жылдарында елге General Electric, General Motors, Toyota, Alstom, Talgo саласының әлемдік көшбасшылары тартылды.
Индустрияландырудың бірінші бесжылдығы ірі өнеркәсіптік жобаларды іске асыру белгісімен өтті, екінші кезең ШОБ үлесін күшейту, индустрияландырудың үшінші бесжылдығын іске асыру бәсекеге қабілетті өңдеуші өнеркәсіпті құруға және өңделген өнім экспортын ұлғайту жөніндегі міндеттерді шешуге, шығарылатын өнімді технологиялық тұрғыдан күрделендіруге, сапалы жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.
* Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы
2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанның машина жасау өнімі экспортының көлемі 277,1 млн. АҚШ долларын құрады және өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға төмендеді (2020 жылғы қаңтар – наурыз – 247,7 млн. АҚШ доллары).
2021 жылғы қаңтар-наурызда машина жасау саласында қорғасын аккумуляторларының экспорты 2,2 есе өсті, өзге де арматуралардың экспорты 12%-ға өсті, алайда ұшқынмен от алатын іштен жану қозғалтқышы бар және поршеньнің қайтымды – ілгерілемелі қозғалысы бар көлік құралдарының экспорты 75,4% – ға, теміржол көлігіне арналған арбалар мен осьтердің экспорты 44,6% – ға, цилиндрлік роликтері бар мойынтіректердің экспорты 37,5% – ға қысқарды.
* Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы
Көрсетілген кезеңде электр жабдығы өндірісінің өсуі электр трансформаторлары, аккумуляторлар мен конденсаторлар өндірісінің ұлғаюымен байланысты, автокөлік құралдары өндірісінің ұлғаюы жеңіл, жүк автомобильдері мен автобустар өндірісінің ұлғаюымен байланысты.
Басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі орталықтан тепкіш сорғылар, жылу алмасу құрылғылары және тоңазытқыш жабдықтары өндірісінің өсуіне байланысты өсті.
Сондай-ақ, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өздігінен жүрмейтін жүк вагондары өндірісінің өсімі 4,8 есеге артты.
* Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы
Жыл сайын ҚР Үкіметінің қолдауымен машина жасаушылар одағы ҚР ИИДМ-мен бірлесіп Қазақстан машина жасаушыларының Форумын өткізеді.
Қазақстан машина жасаушыларының форумы-бұл мемлекет пен бизнестің нақты диалог алаңы.
– 1000-нан астам делегат, жетекші қазақстандық және шетелдік (30-дан астам елдерден) машина жасау кәсіпорындары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор, даму институттары, бизнес қауымдастықтар және машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушылары;
– Саланы дамытудың ең өзекті мәселелерін талқылау;
– Инвестициялар және инновацияларды тарту, ынтымақтастықты құру;
–B2B кездесулерін, коворкинг өткізу, коммуникациялар;
— Саланы одан әрі дамытудың ұсыныстарын жасау.