Одақтың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылау

«Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ (бұдан әрі – Одақ) Басқарма мүшелерінің кезекті отырысында 2022 жылғы 12 желтоқсанда «Одақтың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылау» мәселесі қаралды.

Баяндамашы-Одақтың атқарушы директоры Ө. Ержанов.

Басқарма мүшелері одақтың жұмыс жоспарының жобасын тыңдап келесі мәселелер бойынша түзетулер енгізуді ұсынды:

  • «Өнеркәсіптік саясат туралы» ҚР Заңы шеңберінде индустриялық сертификат алу мәселелері бойынша аккредиттелген сарапшылар санын ұлғайту;
  • Халықаралық банктермен халықаралық ынтымақтастық мәселесін қарастыру.
  • Тәжірибе алмасу, Шетелдік кәсіпорындармен сындарлы диалог орнату үшін Одақтың қатысушыларын халықаралық іс-шараларға қатысуға сүйемелдеу;
  • Өңірлік және одан әрі республикалық деңгейлерде World Skills конкурсын танымал ету бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Ағарту министрлігімен жұмысты күшейту.

Халықаралық банктермен халықаралық ынтымақтастық мәселесі бойынша ынтымақтастық мәселесі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Одақ мүшелігіне кіру шеңберінде қаралады деп шешілді, өйткені бұл ұйымның банк саласында халықаралық құқықтың білікті мамандары бар және ұйымның құзыретіне жатады.

Басқарма мүшелерінің ұсыныстары назарға алынып, жоспар жобасын пысықтау ұсынылды. Одақтың 2023 жылға арналған жоспарының қорытынды нұсқасы Басқарма оны бекіткеннен кейін Одақтың сайтында орналастырылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.