Мемлекеттік сатып алулар саласын жетілдіру бойынша жаңа заң жобасы
ҚР қаржы министрі Бахыт Султанов ҚР Үкімет отырысының қорытындысы бойынша жаңадан дамытылып жатқан мемлекеттік сатып алуларды жетілдіру бойынша заң жобасынының басты қағидалары туралы баспасөз конференциясының барысында мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алулар саласын жетілдіру бойынша жаңа заң жобасының басты қағидалары – квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілеріне арналған бірыңғай ережелерді жасау және сатып алу қатысушыларының жауапкершілігін арттыру. Б.Султановтың айтуы бойынша бірыңғай тәсілдеме кәсіпкерлердің мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларында қатысу жағдайларын жеңілдетеді. Сонымен қатар, қазіргі кезгі сатып алу жүйесіндегі бар барлық ақпараттық жүйелерді біріктіру жоспарлануда.
«Өкінішке орай, казіргі кезде біздің заңнамада квазимемлекеттік сектордағы сатып алулар бойынша ешқандай жауапкершілік жоқ. Сондықтан, ҚР Әкімшілік кодекс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама өзгертулерінде квазимемлекеттік сатып алулар ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған», – деп Б.Султанов атап өтті.
Сонымен қатар, бұл заң жобасы квазимемлекеттік сектордың ҚР қаржы Министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит Комитетінің бақылауында болуын қамтиды. Қаржы министрі атап өткендей, бұл шара квазимемлекеттік сектордағы корпатативтік басқару жүйесін үйлестіру және бірыңғай сатып алу ережелерін жасап шығару үшін қабылданды.
Дереккөзі: primeminister.kz