МЕМЛЕКЕТ КЕМІНДЕ 270 ОТАНДЫҚ ЭКСПОРТТАУШЫ КОМПАНИЯҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жоспарланған экспорттаушыларды қолдау шаралары туралы айтты.

Биыл сервистік қолдау шаралары аясында экспорттаушылар үшін 15 сауда-экономикалық миссия, 7 ұлттық стенд, 4 сауда белгісінің таныстырылымы болады. Сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың жақын және алыс шет елдердегі мамандандырылған көрмелерге қатысады.

Экспорттаушыларға потенциалды шетелдік сатып алушылармен кездесулер өткізу, олардың өнімдерін жарнамалау, сондай-ақ көрме алаңын жалға алу,  экспорттаушылардың шығындарын өтеу, қатысушыларға арналған үй-жайлар мен тамақтану, рейстер мен аударма қызметтерін төлеуге жәрдемдесетін болады. Бұл қолдау шараларында экспорттаушылардың 70%-ті, кемінде 270 отандық компания қамтылады.