Машина жасау және металл өңдеу комитеті – күш-жігерді шоғырландыру
2018 жылы 30 қазанда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның машина жасаушылар одағының Басқарма төрағасы Мейрам Пшембаевтың төрағалық етуімен және Ұлттық палатаның басқарма мүшесі Қуаныш Бишимовтың «Атамекен» ҚР ҰКП Машина жасау және металл өңдеу комитетінің отырысы қатысуымен өтті.
Бірінші кезекте, Машина жасаушылар одағының атқарушы директоры Ришат Асансеитов ұсынған 20-21 қыркүйекте өткен Қазақстанның Машина жасаушыларының VІ форумының нәтижелері тыңдалды.
Екі күн ішінде Форум жұмысына 1 100 астам делегат қатысқан, оның ішінде әлемнің 30 мемлекетінен 128 шетелдік делегат келген. Дәстүрлі іс-шаралардан басқа, биылғы жылы форум шеңберінде кеңейтілген көрме, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, кайдзен-технологиялар бойынша семинар және Астана қаласының Ботаникалық бағында Машина жасаушылардың аллеясының ашылуы өтті.
Биылғы жылы Форумның лейтмотиві 2019-2030 жж. арналған Қазақстанның машина жасау саласының кешенді даму жоспары жобасын талқылау болды.
Кешенді жоспар жобасында қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын көрсету, техникалық реттеу, сұранысты ынталандыру, сонымен қатар, саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.
Форумның секциялық және пленарлық отырыстарының жұмыстарының қорытындысы бойынша машина жасау саласын әрі қарай дамыту бойынша отандық машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, саланың Қазақстан экономикасын дамытуға ықпалын жоғарылатуға бағытталған 110 астам нұсқау әзірленген.
«Нұсқаулар әр түрлі бағыттар бойынша топтастырылған. Олар қаржы, салықтық шаралар, базалық салаларды дамыту, ғылым, экспорт, техникалық реттеу, сатып алу, кадрлар және сала қызметінің барлық аспектілерін қамтитын арнайы шаралар», – деп айтып өтті Одақтың атқарушы директорының орынбасары Дәулет Диханбаев.
ААМЗ бас директоры Жетпісбай Едігенов өз кезегінде табиғи монополиялардың қызметіне жеңілдікті тарифтер беру қажеттігіне баса назар аудару қажет екенін айтып өтті.
Комитет Форумның нұсқауларының жобасын келісу және оны Үкіметке қарастыруға жедел түрде жіберу туралы шешім қабылдады.
Комитет төрағасының орынбасары Павел Беклемишев өңірлік кәсіпкерлер палаталарының жанында машина жасау бойынша салалық кеңестер бастамасын ұсынды.
«Отандық машина жасауды шоғырландыру бойынша әрі қарайғы қадамдар қажет. Салалық кеңестер саланы өңірлік дамытуда маңызды рөл атқаруы тиіс және Республика деңгейінде қызметті жүйелеу және шоғырландыруды қамтамасыз етуі керек. Оны құру Одақтың өңірлік өкілдіктерінің қолданыстағы жүйесі негізінде мүмкін болады», – деп айтып кетті Павел Беклемишев.
Комитет мүшелері машина жасау біршама дамыған өңірлердің (Қарағанды және Павлодар облыстары, ШҚО, Алматы қ.) ӨКП жанында салалық кеңестер құру қажеттігін қолдады.
«Біз ҰКП тарапынан құрылатын салалық кеңестерді қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз», – Ұлттық палатаның Басқарма Төрағасы Қуаныш Бишимов.