“Атамекен” ҚР ҰКП Арбитраж орталығы

Коммерциялық қызмет барысында түрлі келісім-шарттар жасалынады. Осы келісім-шарттарды бұзу түрлі келеңсіз жағдайлар туғызады. Егер осындай даулар келісім-сөздер арқылы достық тәртібімен шешілмесе, сотқа бару қажеттілігі туындайды. Бұл әрдайым ұзаққа созылған іс жүргізу мен айтарлықтай шығыстарға әкеліп соғады.

Арбитраж – ұйымдардың барлық жеке меншік турлері (АҚ, ЖШС, ЖК, т.б) арасында пайда болатын дауларды карастырып, шешу үшін құрылған мекеме. Арбитраж серіктестер арасындағы дауларды шешудің замануи және өркениетті әдісі болып табылады.

Кәсіпкерлерге дауларды әділ, тез және арзан түрде шешуге көмектесу үшін арнайы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Арбитраж орталығы құрылған. Арбитраж орталығының құрылтайшысы – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Арбитраж орталығы 1993 жылы Сауда-өнеркәсіп палатасы жанында құрылған Халықаралық Арбитраж сотының іс жүзіндегі мирасқоры бола отырып, оның объективті түрде дауларды қарастыру салтын жалғастыруда.

Бизнесіңізді жан-жақты қорғағыңыз келсе, Арбитраж орталығының бірегей мүмкіндіктерімен танысыңыз – www.aca.kz