Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, партиялық куратор М.К. Пшембаевтың жетекшілігімен Партияның Орталық аппараты ғимаратында Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Кездесуде «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін қоғамдық ұйымдардың әлеуетін институттандыру және белсенді пайдалану, оның ішінде тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін сараптау мүмкіндігін кеңейтуге, ақаулы өнімді және оны өндірушілердің тізімін жариялау және т.б. туралы шараларды қолдану жоспарлану» атты Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында айтылғандарды іске асыру жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары қаралды.

Бейнебайланыс түрінде өткен шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және Сенат депутаттарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің басшыларының және басқа да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ «Атамекен» АЭС өкілдерінің, тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, осы мәселе бойынша жауапты өңірлер мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерінің орынбасарлары, ӘҚҚБ-нің осы тармағын іске асыруға қатысатын ведомстволар мен әкімдіктердің басшылары қатысты.

«Жоғарыда айтылғандарға байланысты, біз осы оқиғаны ішкі және сыртқы медиа ресурстарын тарту арқылы ақпараттық қамтуды сұраймыз» деді шараға қатысушылар.