Германияға Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі таныстырылды
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Германияға жұмыс сапары аясында осы елдің ірі компанияларының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Қазір делегациямыз Германияның жетекші өндірістік өңірлерінің бірі саналатын Баварияда жүр. Сапар мақсаты – инновациялық жобалары бар технологиялық компанияларды Қазақстанға тарту. Кездесуде Бавария кәсіпкерлеріне еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы талқыланды. Германиия бизнес-қауымдастығының өкілдері елімізге инвестиция құюға ниет білдіріп, Қазақстанға келуді көздеп отыр.
Мейрам Пішембаев, ҚР Машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы:
– Мақсатымыз – осы технологияларды елімізге әкеліп, қазақстандық құрамы бар өндірістерді ашу. Сондай-ақ мамандарды даярлау, кәсіпорындарымызды цифрландыру мен роботтандырудың маңызы зор. Бүгінгі кездесулерге қатысушылардың өзара байланыс орнатып, осы жаңа технологияларды жақын арада Қазақстанда ендіруге мүмкіндіктері болады.