Қазақстан мен Түркияның машина жасаушылары ынтымақтастық туралы келісті

Қазақстандық делегация Түркия мен шет елдердің машина жасау кәсіпорындарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан машина жасаушылар одағының (ҚМЖО) баспасөз қызметі.

Отандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындары басшыларының кездесуі 11 қарашада Стамбулда өткен win Eurasia халықаралық көрмесінде өтті.

Көрме жұмысына Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы М. Қ. Пішембаев бастаған Қазақстан делегациясы қатысуда.

Делегацияға машина жасау кәсіпорындарының басшылары – “Maker” ЖШС басқарма төрағасы Ж. А. Байгабелов, “Астана электротехникалық зауыты” ЖШС бас директоры А. С. Сыздықов және “Kazakh Invest “ҰК” АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Н. Г. Ахметов қатысты.

Қазақстандық делегация Түркияның машина жасау Федерациясы (MAKFED) Директорлар кеңесінің төрағасы Аднан Далгакиранның, сондай-ақ түрік және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшыларының қатысуымен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған машина жасаудағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

ҚМЖО Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстанның машина жасау саласындағы өнімінің өндіріс көлемі мен импорт көлемінің динамикасын атап өтті.

ҚМЖО басшысы 2020 жылы Қазақстанға тауарлардың жалпы импорты 38 млрд. АҚШ. доллар құрағанын айтты. Машина жасау өнімдерінің импорты 17 млрд. АҚШ долл.құрады, бұл Қазақстанның өңделген тауарларының жалпы импортының 45%.

“Салада бар сұраныс есебінен даму мен инвестициялық ынтымақтастыққа жоғары әлеует бар”, — деп атап өтті Мейрам Пішембаев.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларға өнеркәсіптік кооперация перспективалары және мұнай-газ және тау-кен металлургия машина жасаудағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы айтылды.

«Біз шетелдік инвесторларды озық технологиялар мен құзыреттерді трансферттеуге, Қазақстан нарығын және болашақта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерді бірлесіп дамытуға мүдделіміз және шақырамыз», – деді ҚМЖО басшысы.

MAKFED Директорлар кеңесінің төрағасы Аднан Далгакиран Қазақстанның бауырлас ел және Түркияның басым серіктесі болып табылатынын атап өтіп, инвестицияларды тарта отырып, Қазақстанда іске асыру үшін әлеуетті жобаларды қарауға дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде қазақстандық делегация әріптестерін Қазақстан машина жасаушыларының Х форумына және “Kazakhstan Machinery Fair 2022” машина жасау және металл өңдеу жөніндегі халықаралық мамандандырылған көрмеге шақырды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша “Maker” ЖШС Басқарма төрағасы Ж.А. Байгабелов бизнестің жаңа ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарын орнатуға, сондай — ақ Қазақстан мен Түркияның машина жасау саласындағы кәсіпорындарымен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды іске асыруға бағытталған Okerel және Pres-San түрік серіктестерімен 2 меморандумға қол қойды.