«ЕЭК» АҚ АСУТиМТ жүйесін пайдалануға енгізді
«Евроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ қызметкерлері тәжірибе-өндірістік пайдалануға отын есебінің және көлік мониторингінің автоматтандырылған жүйесін(АСУТиМТ) енгізді.
Қазірдің өзінде ЕЭК мамандары ЖЖМ-нің үнемделгенін белгілеп отыр. Келешекте – бағыттардың және 391 авто- және теміржол көліктерінің жұмыс тәртібін дәлірек ұстану, техниканың қолайсыз пайдалануын болдыртпау.
Бұл мониторинг жүйесі көліктен жүздеген шақырым қашықтықтағы ЕЭК мамандарына on-line режимде және ақпарат жіберудің кейінге қалдырылған режимінде оның орналасқан жерін қадағалауға, түскен және шығындалған отынды, жүктемемен және бос жүрістегі жұмыс уақытын және де нормативтік параметрлер зонасынан шығуын бақылауға мүмкіншілік береді.
Бұл жүйені Евроазиаттық Энергетикалық Корпарациямен 5 жылдан аса қызмет істеген “ЕвразияТелеком” ЖШС-нен сатып алуға 351 миллионнан аса теңге бөлінді.
Фотодағы «ЕЭК» АҚ-ның ақпараттық технологиялар мен байланыс басқармасының бас маманы Юрий Павлюковский Ақсуда on-line режимінде «Восточный» разрезінің аймағындағы 1000-10000000165 МКТ-25,7 КАМАЗ 43118 шассисіндегі номері 680AD14 көлікті бақылап отыр.
Дереккөзі: «Евроазиатская энергетическая корпорация» АҚ баспасөз қызметі