Басқарма мүшелерімен апта сайынғы кеңес

28 қарашада «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ-да СМЖ Басқарма мүшелерімен апта сайынғы кеңес өтті.

Күн тәртібінің негізгі мәселесі СМЖ атқарушы директорының орынбасары Ж.Дариновтың «2022 жылға арналған «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ жұмыс жоспарының (бұдан әрі – жоспар) іске асырылу барысы туралы есебі болды.

Ж. Дариновтың баяндамасында, жоспардың 35 тармағының 2022 жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша 18 тармақ орындалды, жұмыста 17 тармақ. «Орындалды» және «жұмыста» мәртебесі бар әрбір тармақ бойынша ақпарат егжей-тегжейлі қаралып, оларды іске асырудың одан арғы қадамдары талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша барлық тармақтарды 2022 жылдың соңына дейін орындау, СМЖ дирекциясы қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейту ұсынылды, сондай-ақ жоспардан тармақтардың орындалуын Одақ Басқармасы мүшелеріне бекіту туралы шешім қабылданды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.