Австриялық компаниялармен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша вебинар өтті
2023 жылдың 4-ші сәуірінде Австрияның Қазақстандағы Сауда өкілдігі машина жасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша вебинар өткізді. Іс-шараға Қазақстан машина жасаушылар одағының, Австрияның металл өңдеу және машина жасау қауымдастығының және 35-ке жуық австриялық компаниялардың өкілдері қатысты.
Онлайн вебинар барысында Қазақстан машина жасаушылар одағы директорының орынбасары Қуаныш Тайшыбеков отандық машина жасау саласының дамуы және 2022 жылғы негізгі көрсеткіштер туралы айтып берді.
“Қазақстан мен Австрия сауда-экономикалық қатынастардағы табысты серіктестер болып табылады. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән берілуде. Өз тарапымнан австриялық компаниялардың өкілдерін тәжірибе алмасу және тығыз ынтымақтастық үшін Қазақстан машина жасаушыларының XI форумына және “Kazakhstan Machinery Fair 2023″ машина жасау және металл өңдеу жөніндегі халықаралық көрмесіне шақырғым келеді”, – деп атап өтті Қуаныш Тайшыбеков.