Машина жасау саласындағы қытай компанияларымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2023 жылғы 13 сәуірде Қазақстан машина жасаушылар одағы директорының орынбасары Қуаныш Тайшибеков Қытай халықаралық сауда палатасының Қазақстан Республикасындағы Бас өкілі Чен Хунцян мырзамен кездесті.

Кездесу барысында Қуаныш Тайшибеков Машина жасаушылар одағының қызметі және «Машина жасауды дамытудың 2019 – 2024 жылдарға арналған Жол картасын» іске асыру туралы айтты.

“Жол картасы отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуды ынталандыру және жаңа өндірістер құру, машина жасау өнімдерінің экспортын дамыту мен машина жасау секторларын қолдау шараларын көздейді”, – деді Қуаныш Тайшибеков.

Өз кезегінде Чен Хунцян мырза қытайлық компаниялардың бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті екендігін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Қуаныш Тайшибеков Чен Хунцян мырзаны ағымдағы жылдың 11-12 мамырында өтетін Қазақстанның машина жасаушыларының XI форумына шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.