Астанада машина жасаушылардың VI форумы басталды

4-ші өндірістік революция жағдайында Экономиканы технологиялық тұрғыда жаңғырту. Бүгін Астанада машина жасаушылардың 6-шы халықаралық форумы басталды. Онда аталған тақырып жан-жақты талқыланбақ. Дәстүрлі шараға 20 елден 1000-ға жуық делегат жиналған. Олар бірнеше күн бойы машина жасау саласын цифрландыру мен еңбек өнімділігін арттыру және жаңа технологияларды енгізу мәселесін талқылайды. Бүгін форумның бірінші күні. Онда мұнай-газ бен автокөлік саласындағы машина жасау және тау-кен мен теміржол саласындағы өндіріс тақырыптар талқыланады. Форумның екінші күні, яғни, ертең тақырыптады талқылауға үкімет мүшелері де қатысатын болады.