«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын табыстау салтанаты

Астанада 7 желтоқсанда «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарын табыстау салтанаты өтті.

Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Мемлекет басшысы Үздік индустриялық жоба және үздік инновациялық жоба үшін «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарына, сондай-ақ «Парыз» Гран-приіне және бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындысы бойынша арнайы сыйлыққа жеке өзі табыс етті.

Марапатталғандардың арасында отандық машина жасаушылар – Қазақстан машина жасаушылар одағының мүшелері:

  • «Проммашкомплект» ЖШС Екібастұз қ. – «Үздік индустриялық жоба» арнайы сыйлығы (теміржол саласы үшін дөңгелектерді, доңғалақ орталықтарын, бандаждарды және тісті доңғалақ дайындамаларын жобалау, өндіру);
  • «ТМК-Қазтрубпром» ЖШС Орал қаласы – ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын;
  • «Астық» Элеваторлық жабдық зауыты» ЖШС Қостанай қ. -шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын;
  • «Кентау трансформатор зауыты» «Alageum Electric» компаниялар тобына кіретін «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Парыз» сыйлығының жеңімпазы болып танылды.

Салтанатты рәсімге барлығы 500 адам келді, оның ішінде ҚР Президенті Әкімшілігі, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар, “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, әлеуметтік әріптестер, барлық сыйлықтардың лауреаттары, өткен жылдардың жеңімпаздары, конкурстарға қатысушылар.

Қазақстан машина жасаушылар одағы лауреаттарды шын жүректен құттықтайды және конкурс жеңімпаздарына жұмыста табыс, жаңа биіктерге қол жеткізу, белгіленген жоспарларды іске асыру, тұрақтылық пен өркендеу тілейді!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.