“АлмаДК” ЖШС

“АлмаДК” ЖШС 15 жылдан астам Қазақстанның әлеуетті құрылымдары үшін арнайы әскери өнім шығарумен айналысады.

Бүгінде компанияда химия, физика, сондай-ақ жарылыс ісін қоса алғанда, түрлі салалардағы үздік қазақстандық мамандар жұмыс істейді.

“АлмаДК” ЖШС монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді бойынша сервистік қызмет көрсетеді.

“АлмаДК” компаниясында келесі қызмет түрлерін жүзеге асыру бойынша №13011097 мемлекеттік бас лицензиясы бар: оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу.

АлмаДК” компаниясы мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындай отырып, әскери имитациялық өнім өндіруді және шығаруды жүзеге асырады.

Компания дамыған өндірістік-технологиялық, конструкторлық және ғылыми-өндірістік базаға ие бола отырып, арнайы мақсаттағы өнімдер мен бұйымдарды өндірудің, игерудің және әзірлеудің күрделі мәселелерін шешуге қабілетті.

Мекен жайы: Алматы қ., Түркебаев к-сі, 199.

+ 7 (727) 392 95 55 info@almadk.kz