“Ақтөберентген” АҚ -ға 80 жыл!

Ағымдағы жылдың мамыр айында машина жасау саласының үздігі, медицина өнеркәсібінің көшбасшысы “Ақтөберентген” зауытына 80 жыл толады!

Кәсіпорын көптеген ауруларды ерте диагностикалауға бағытталған жоғары технологиялық әртүрлі рентгенодиагностикалық жабдықтар өндірісіне маманданған: палаталық рентген диагностикалық аппараттар, стационарлық рентгенодиагностикалық кешендер, цифрлық флюорографиялық аппараттар, автомобиль шассиі базасындағы әртүрлі мақсаттағы мобильді кешендер (флюорографиялық, стоматологиялық, маммографиялық және басқалары), цифрлық маммографиялық жүйелер.

“Ақтөберентген” АҚ заманауи өндірістік базасы бар, онда идея мен әзірлеменің пайда болуынан бастап өндіріске, жеткізуге және сервиске дейінгі жұмыстардың толық циклі орындалады.

“Ақтөберентген” АҚ жұмысы туралы қысқаша ролик

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.