Металлург күні құтты болсын!

Құрметті металлургтер!

Еліміздің 600-ден астам кәсіпорнын біріктіретін Қазақстан машина жасаушылар одағының атынан Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймыз!

Металлургия – отандық экономиканы алға бастаушы және еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін орнықты дамуын қамтамасыз ететін сала.

Өз еліміздегі шикізатты қорытып дайын өнім жасайтын металлдар ұлғая берсін!

Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт пен отбасыларыңызға ырыс-береке тілейміз!

Құрметпен,

Қазақстан машина жасаушылар Одағы