“West Oil and Gas Equipment Service” ЖШС

“West Oil and Gas Equipment Service” ЖШС өз қызметін Қазақстан Республикасының және одан тыс жерлердегі мұнай-газ өнеркәсібі нарығымен байланыстыру мақсатында құрылған сервистік компания.

Компания мұнай резервуарлары мен кез келген көлемдегі түп шөгінділерін тазалауға маманданған.

“West Oil and Gas Equipment Service” компаниясы 2014 жылы құрылды. Қалдықтарды басқару бойынша кешенді және жекелеген қызметтер мұнай-газ саласының ұйымдарына, көмірсутектерді тасымалдау, түрлі үлгідегі қайта өңдеу салаларының кәсіпорындарына ұсынылады.

“West Oil and Gas Equipment Service” ЖШС өз клиенттеріне қалдықтарды басқарудың стандартты тәсілдерін ғана емес, сонымен қатар сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникасы саласындағы заңнаманың талаптарына толық сәйкес Тапсырыс берушінің нақты шарттары мен тілектеріне сүйене отырып шешімдерді әзірлеуді ұсынады.

Компания сапа, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникасы саласындағы заңнамалық талаптарға қатаң сәйкестікте жұмыс істейді.

West Oil and Gas Equipment Service компания ішінде де, клиенттермен және іскер серіктестермен өзара қарым-қатынаста да бизнестегі айқындық және әділдік қағидаттарын ұстанады.

Компания қызметтері:

Электрохимиялық қорғау объектілерін жобалау және салу
Автоматтандырылған басқару жүйелерін бағдарламалау және енгізу
Жобалау және конструкторлық әзірлеме
БӨАжА және электрмен жабдықтау жүйелерін монтаждау-реттеу жұмыстары
Газ сапасын талдауыштар мен газ хроматографтарына сервистік қызмет көрсету, диагностикалау, жөндеу
Мұнай мен газды есепке алу және талдау тораптарына сервистік қызмет көрсету

Байланыс үшін: Орал қаласы, Демократическая көшесі, 7/1 , info@ogs.kz , +7 (7112) 933-305, 933-306, 933-325, Дс-Жм 08:30-18: 00