Одақта ЗКС және ПКО жаңа модельдері туралы айтылды
2020 жылғы 3 тамызда Қазақстанның машина жасаушылар Одағы құбыр арматурасын өндіруші кәсіпорындар басшылары мен “Самұрық – Қазына Контракт”ЖШС өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.
Одақ Басқарма төрағасының орынбасары Е.К. Маканов қатысушыларды отырыс тақырыбымен таныстырып, спикерлерді таныстырды.
“Самұрық – Қазына Контракт” ЖШС спикерлері – алдын ала біліктілік іріктеу департаментінің директоры Д.Б. Рамазанов пен осы департаменттің менеджері М. Абдрахманов қатысушыларға тиекті құбыр арматурасын (ЗКС) сатып алу-категориялық стратегиясын өзектендірудің негізгі аспектілері және ЗКС шеңберінде сатып алуды өткізу жоспарлары туралы айтып берді.
Сондай-ақ, кездесу аясында “Самұрық-Қазына Контракт” ЖШС спикерлері отандық кәсіпорындарға 2.0 жаңа моделі бойынша алдын ала біліктілік іріктеуден өтудің негізгі аспектілері туралы презентацияны ұсынды.
Ұсынылған презентациядан кейін отырысқа қатысушылар ЗКС және ПКО 2.0 жаңа моделін өзектендіру бойынша пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.
Отырыс соңында “Самұрық-Қазына Контракт” ЖШС-нің шақырылған спикерлері Одақтың өңірлік өкілдермен өтетін алдағы отырыстарында осындай түсіндіру кездесулерін өткізуге келісім білдіріп, осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтты.
Қазақстан машина жасаушылар Одағы барлық қатысушыларға жақсы жұмыс атмосферасы үшін алғыс білдіреді.