Қазақстан машина жасаушылар одағының Nur Otan партиясының алдағы праймеризіне қатысты мәлімдемесі

“Қазақстан машина жасаушылар одағы” ЗТБ (бұдан әрі – Одақ) Nur Otan партиясының праймеризді өткізу жөніндегі бастамаларын қолдайды.

Елдің алдында пандемиядан кейін экономикалық өсуді қалпына келтіру, жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнестің жұмысын жандандыру мәселесі тұр.

Nur Otan париясының жаңа бастамалары жаңа тұлғалардың – өз ісінің шеберлерін, беделді көшбасшылардың, шешім қабылдай алатын және сындарлы ұсыныстар енгізе алатын адамдардың пайда болуына ықпал ететін болады.

Осылайша, партия жаңа конструктивті идеялардың барынша көп санын алады, орталық пен өңірлер арасында кері байланыстың тиімді арнасы қалыптасады.

Қазақстанда, ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты, партияішілік сайлау-жаңа іс, және елдің басты партиясының праймеризді қалай өткізетіндігіне көбінесе болашақтың саяси дәстүрлері байланысты болады.

Праймеризді дұрыс жүргізу-алдағы жылдарға арналған барлық болашақ жұмыстың жетістігінің кепілі.

Осы қиын-қыстау кезеңде біз партияның осы бастамасын бірлесіп қолдауымыз қажет!