Өңірлік өкілдермен өткен жиында Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі мәселелері талқыланды

2023 жылғы 7 қыркүйекте “Қазақстан машина жасаушылар одағы” ЗТБ өңірлік өкілдерімен апта сайынғы отырыс өтті. Жиынға қатысушылар Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады.

Одақтың атқарушы дирекциясының директоры Өмірсерік Ержанов Жолдауда Мемлекет Басшысы Үкімет алдына өңдеу және тау-кен өндіру өнеркәсібін, қорғаныс-өнеркәсіп кешенін, ауыл шаруашылығын, энергетиканы, көлік және логистиканы, қаржы, IT және цифрландыру, су ресурстары, креативті индустрия салаларын, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша нақты міндеттер қойғанын атап өтті. Ол сондай-ақ мемлекеттің экономикаға ықпалын төмендету, экономиканы монополиясыздандыру, макроэкономикалық саясатты қайта қарау, салық және бюджет саясатын, әкімшілік басқару жүйесін реформалау бойынша бірқатар маңызды бастамаларды жариялады.

“Өңдеу өнеркәсібіне келетін болсақ, Мемлекет басшысы оны дамытуға серпін беретін шараларға, яғни алғашқы үш жылда салықтар мен басқа да төлемдерден босата отырып, шетелдік инвесторларды тартуға баса назар аударды. Жалпы, Президент осы саланы дамытудың кешенді пайымын әзірлеу және тиісті құжаттарды, жоспарларды, стратегияларды және т. б. жасау қажеттігін атап өтті, деп толықтырды сарапшы”, – деді Өмірсерік Ержанов. Сондай-ақ, отырыс барысында кәсіпорын өкілдері Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.