Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстан-Австрия бизнес-форумына қатысты
“Қазақстандық машина жасауды одан әрі дамыту үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланы дамытудың 5 жылға арналған Кешенді 2023 жылғы 20 сәуірде Грац қаласында Қазақстан-Австрия бизнес-форумы өтті. Іс-шараны Австрияның федералдық Экономика палатасы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Бизнес-форумға Штирия экономикалық палатасының директоры Карл-Хайнц Дерношег, Штирия сыртқы экономикалық ведомствосының басшысы Манфред Кайнц, Федералдық Еңбек және экономика министрлігінің Бас директоры Флориан Фраушер, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және бизнес өкілдері қатысты.
Форум барысында “Қазақстан машина жасаушылар одағы” ЗТБ Басқарма төрағасы М.Қ. Пішембаев баяндама жасап, қазақстандық машина жасау жоспарлы және серпінді дамуын жалғастырып жатқанын атап өтті. Бұған мемлекет тарапынан қолдау және отандық өндірушілердің өз күш-жігері ықпал етеді.
Атап айтқанда, сектордағы өндіріс көлемі 2022 жылдың қорытындысы бойынша 9% – ға өсіп, 6,8 млрд АҚШ долларын құрады. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 10% – ға ұлғайып, 258 млн. АҚШ.долларға жетті. Сондай-ақ, машина жасау өнімдерінің экспорты 2 есе өсті жоспары әзірленуде. Бұл кешенді жоспар өндіріс көлемін, экспортты және саладағы еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді”, – деді Мейрам Пішембаев.
Сөз соңында Мейрам Пішембаев австриялық әріптестерін жемісті және өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырды.