Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесі өтті
2020 жылғы 28 қазанда онлайн форматта екі елдің іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің (бұдан әрі –КАДС) отырысы өтті.
Отырыс жұмысына Австрия федералды экономика палатасының Вице-президенті, КАДС тең төрағасы-Р.Шенц, Австрия Елшілігінің Сауда кеңесшісі – К. Махаль, Қазақстан машина жасаушылар одағының Басқарма Төрағасы, КАДС тең төрағасы – М. Пішембаев, Австрия Республикасының Қазақстандағы елшісі – В. Кемпель, Аустрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшісі – К. Умаров, “Kazakh Invest ” ҰК ” АҚ Басқарушы директоры-Ж. Темірғали, Индустрия және жабдықтар саласындағы жобалау менеджері – Э. Савойе, “КИРП “ЖШС директоры – М. Ыдырысов қатысты.
Отырыс барысында екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды.
Соңғы жылдары Қазақстан-Австрия ынтымақтастығы оң динамиканы көрсетуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда австриялық капиталдың қатысуымен 50-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан экономикасына 15 жыл ішінде салынған австриялық инвестициялар көлемі 5,7 млрд. АҚШ долларын құрады.
Отырыс аясында машина жасау, цифрландыру, энергия тиімділігі, жасыл экономика, агроөнеркәсіптік кешен және өзара сауданы кеңейту салаларындағы ынтымақтастық тақырыптары талқыланды. Қазақстан мен Австрияда өткізілетін екіжақты іс-шараларға машина жасау саласы өкілдерінің өзара қатысу тәжірибесі оң бағаланды. Атап айтқанда, австриялық өкілдер 2020 жылғы 17 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан машина жасаушыларының 8-ші форумына белсенді қатысты.
Қазақстан машина жасаушылар одағының Басқарма Төрағасы М.Пішембаев екі ел бизнесінің кооперациясын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Австрияның Экономикалық палатасының Вице-президенті Р.Шенц Қазақстан Австрияның аймақтағы басым серіктесі болып табылатынын және австриялық фирмалар ел экономикасына инвестиция салуға дайын екенін атап өтті.
Қазақстан тарапынан елге озық австриялық технологияларды тартудың және кадрлық әлеуетті дамытудың маңыздылығы атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойды. Бұл құжат экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған.
Сондай-ақ, кездесу аясында іскерлік топтардың өкілдері сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдету, екі ел компаниялары арасында тікелей байланыстар орнату шарттары мен мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алды.