Анонс

Құрметті БАҚ өкілдері!

Қазақстан машина жасаушылар одағы БАҚ арасында байқау жариялайды

“Қазақстан машина жасаушылар одағы” заңды тұлғалар бірлестігі журналистер арасында “Машина жасау – жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытудың драйвері” атты шығармашылық байқау жариялайды.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Үздік телевизиялық материал» (бейнесюжет, аналитикалық шолу, арнайы репортаж, түсініктеме, деректі фильм);

2) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» (мақала, талдамалық материал);

3) «Интернет-БАҚ-тағы үздік жарияланым» (ақпараттық хабарлама, сұхбат, шолу, эссе, очерк).

Байқауға 2023 жылғы 13 маусым мен 13 қыркүйек (қоса алғанда) аралығындағы кезеңде ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шыққан, интернетте жарияланған) бірегей материалдар қабылданады.

Байқаудың міндетті шарты ұйымдастырушы – «Қазақстан машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігін атап өту болып табылады.

Материалға сілтеме және өтінім (сканерленген түрде) 2023 жылғы 13 маусым мен 13 қыркүйек (қоса алғанда) аралығындағы мерзімде электрондық пошта арқылы қабылданады: ainur_akylbai@mail.ru “БАҚ байқауына. “Машина жасау-жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытудың драйвері”.

Байланыс: +7 701 105 17 11 Айнұр Ақылбайқызы

Жүлделі орындарға ие болған конкурсанттарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар беріледі. Конкурстың жүлде қоры номинациялар бөлінісінде былайша бөлінеді:

«Үздік телевизиялық материал»

I орын-450 000 теңге, II орын – 350 000 теңге, III орын-200 000 теңге.

«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»

I орын-450 000 теңге, II орын – 350 000 теңге, III орын-200 000 теңге.

«Интернет-БАҚ-тағы үздік жарияланым»

I орын-450 000 теңге, II орын – 350 000 теңге, III орын-200 000 теңге.

Жеңімпаздарға тиесілі ақшалай сыйлықақыларға Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлем көзінен салық салынады және жеңімпаздардың есеп шотына аударылады.