Қазақстан мен Үндістан арасында машина жасау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

Астанада 2023 жылдың 29 наурызында Қазақстан мен Үндістан арасында машина жасау тауарлары мен қызметтері нарығын дамыту бойынша бизнес-конференция өтті. Жиынға қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқыға салып, жобалардың таныстырылымын өткізді. 

Конференция барысында Қазақстан машина жасаушылар одағы директорының орынбасары Қуаныш Тайшыбеков одақтың қызметі және машина жасау саласының 2022 жылғы негізгі көрсеткіштері туралы баяндап берді.

“Отандық машина жасау саласы жоспарлы және серпінді дамуын жалғастыруда. Бұған мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау шаралары және сала кәсіпорындарының белсенділігі ықпал етуде. Бүгінде елімізде машина жасау және металл өңдеу саласында 3 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, онда 120 мыңға жуық адам еңбек етеді. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланы дамытудың 5 жылға арналған Кешенді жоспары әзірленуде”,- деп атап өтті Қуаныш Тайшыбеков.

Өз кезегінде, аталмыш Кешенді жоспар сала дамуына жаңа серпін беріп, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді.

Өз сөзінің соңында Қуаныш Тайшыбеков Үндістанның Қазақстандағы елшісі Шубхдаршини Трипати мен үнді компанияларын 2023 жылдың 10-12 мамырында Астана қаласында өтетін Қазақстан машина жасаушыларының XI форумына және “Kazakhstan Machinery Fair 2023” машина жасау және металл өңдеу жөніндегі халықаралық көрмесіне шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.