Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы

2018 жылдың 20-21 қыркүйегінде Астана қаласының EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы өтті.

Форумды Қазақстан Республикасының Үкіметі және Бас серіктес «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қолдауымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар Одағы ұйымдастырды.

Форумның тақырыбы: Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері.

Форумның бірінші күнінде секциялық отырыстар өткізілді, ал екінші күн кеңейтілген пленарлық отырыстарға арналды.

Кеше өткен секциялық отырыстардың жұмысында қатысушылар отандық машина жасауды одан әрі дамыту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және әлемдік құндылықтар тізбектерін құру бойынша практикалық ұсыныстар жасады.

Ал кеңейтілген пленарлық отырыстарда саланы дамытудың ең маңызды және өзекті мәселелері кеңінен талқылады.

Форумға 25 елден 1000-ға жуық делегат келді. Атап айтқанда, жетекші отандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшылары, квазимемлекеттік сектордың, даму институттарының, бизнес қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады.     Форумның маңызды сәттерінің бірі, 2019 – 2030 жылдарға Қазақстанның машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспары жобасын таныстыру болады. Бұл жоспар орта мерзімді перспективада саланы дамытудың стратегиялық көзі болып табылады.

Отандық машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспары өнімдерді ішкі нарыққа жеткізетін кәсіпорындарға, сондай-ақ экспортқа бағытталған кәсіпорындарға қолдау көрсетуді білдіреді. Өнеркәсіптің өсу нүктелері инвестицияларды тарту, экспортты ынталандыру және жаңа жобаларды іске қосу жолымен қолданыстағы негізгі құралдарды жаңғырту болып табылады.

Кешенді жоспар құрудың өзектілігі, елге келесі технологиялық құрылысқа көшу үшін, экономиканың тұтас күрделілігін арттыру қажеттігіне негізделген. Ол орта мерзімді кезеңде саланы дамытудың стратегиялық көрінісі болады.

Қазақстан машина жасаушыларының Форумы  - жалпы іскерлік қоғамдастық үшін, әсіресе машина жасау саласы үшін үлкен маңызы бар бірегей диалог алаңы.