Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы өз жұмысын бастады

Бүгін Астана қаласының EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы өз жұмысын бастады.

Форумның тақырыбы: Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері.

Форум қорытындысы бойынша, 2019-2030 жылдарға арналған Қазақстан машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарының жобасы ұсынылатын болады. Ол орта мерзімді кезеңде саланы дамытудың стратегиялық көрінісі болады.
Форумды Қазақстан Республикасының Үкіметі және Бас серіктес «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қолдауымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар Одағы ұйымдастырады.

Форумға 30-дан астам елден 1000-ға жуық делегат келеді. Атап айтқанда, жетекші отандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшылары, квазимемлекеттік сектордың, даму институттарының, бизнес қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.