«Қазақстан машина жасаушылар одағы» Басқармасының төрағасы М.Пішембаевтың Германияға сапары

2022 жылғы 26-27 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулды Е.Қоныспаевтың   қолдауымен «Қазақстан машина жасаушылар одағы» Басқармасының төрағасы М.Пішембаевтың Германияға сапары өтті.

Сапар барысында Неміс машина жасаушылар одағының  Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия нарықтары секторының меңгерушісі Моника Холлахермен келіссөздер жүргізді.

Қазақстанның мащина жасаушылар одағының төрағасы М.Пшембаев:

«Ағымдағы жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Мәжілісте  сөйлеген сөзінде алға қойған экономиканы әртараптандыру міндеттерін, бірінші кезекте импортты алмастыруды, сондай-ақ Германияның жоғары технологиялар саласындағы көшбасшылығын ескере отырып,   Қазақстанда неміс компанияларының машина жасау саласы үшін шикізат пен бастапқы материалдар өндірісін ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға шақырамыз»- деп атап өтті.

Неміс машина жасаушылар одағының өкілі Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа экономикалық бағытына қолдау білдіріп, өзара тиімді жобаларды іске асыруда Қазақстан машина жасаушылар одағына қажетті көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Аталған неміс бірлестігінің орталық офисінің орналасқан жерін ескере отырып, одан әрі өзара іс-қимылды Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығының белсенді қатысуымен жүзеге асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сұхбаттасу барысында Қазақстан мен Германияның жетекші машина жасау компаниялары өкілдерінің қатысуымен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктері де талқыланды.

Аталған мәселе М.Пішембаевтың белгілі неміс бизнес-экономисі, Франкфурт сауда, өнеркәсіп және ғылым қоғамының экс-Президенті Рюдигер фон Розенмен және беделді Неміс-азиялық экономикалық клубының   негізін қалаушысы Бодо Крюгермен сол күні өткен кездесулерінің негізгі тақырыбына айналды.

Ұсынылған мүмкіндікті пайдалана отырып, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» Басқарма төрағасы М.Пішембаев неміс іскер топтарының өкілдерін 2022 жылғы 21-23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан машина жасаушыларының X форумына және «Kazakhstan Machinery Fair 2022» көрмесіне қатысуға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.