Үкімет басшысы Серік Ахметов Қазақстанның Машина жасаушылар одағы мүшелерімен кездестіГлава Правительства Серик Ахметов провел встречу с членами Союза машиностроителей КазахстанаKazakh Prime Minister held meeting with members of Machine Builders Union


Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қазақстанның Машина жасаушылар одағы мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында ағымдағы жағдайлар, болашақтағы жоспарлар мен саланың көкейкесті мәселелері талқыланды.

Отандық машина жасау саласын дамыту туралы ҚР индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.Рау баяндады. Оның сөзіне қарағанда, салада ырғақты өсім байқалады, сондай-ақ оның жеделірек дамуы үшін үлкен әлеует бар.
«Бірінші жартыжылдықта сала өнімі көлемі 367 млрд. теңгені құрады. Жыл аяғына дейін 5 млрд. АҚШ долларына жеткізудің мүмкіндігі бар», — деді А.Рау.
Сондай-ақ, қайта өңдеу өнеркәсібі жүйесінде машина жасау саласы үлесінің артып отырғаны байқалады. 2013 жылдың қаңтар-маусым айларында бұл саланың үлесі өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 2% артып, 13,2% құрады.
Ол келтірген дерек бойынша бірінші жартыжылдықта 1,6 есе өсіммен 45 дизельді локомативтер өндірілсе, автокөліктер жасау 2,2 есеге — 16 мыңнан артты, мұнай-газ машиналары 31%, тау-кен машиналарын жасау өсімі 12%-ға өсті.
«Мемлекет қолдауын сезініп отырмыз. Бүгінгі күнге 15 кәсіпорын «Өнімділік-2020» бағдарламасына енді. Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы сомасы 197 млрд. теңге болатын 57 жоба жүзеге асырылуда», — деп атап өтті бірінші вице-министр.
А.Рау отандық автокөлік өнімдерін сатып алуға мемлекеттік тұтынушы несиелерін субсидиялауды енгізу мәселесін қарау туралы ұсыныс айтты.
«Бұл өте жақсы тетік. Сондықтан, мемлекеттік органдардың бұл мәселені қарауын сұрар едім», — деді А.Рау.
Сондай-ақ, машина жасау саласын дамыту туралы Машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Пішембаев баяндама жасады.
Ол ҮИИДМБ жүзеге асырылып жатқан үш жылда машина жасау саласы 2,5 еседен астам өскенін атап өтті. «Біздің болжамымызша, биыл өндіріс көлемі 800 млрд. теңгені құраса, 2015 жылға қарай 1 трлн. теңгеден асады деп күтілуде. Бұл мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан нақты қолдаудың, ҮИИДМБ-ді қабылдаудың және машина жасаушылардың қосқан үлестері арқасында мүмкін болды», — деп атап өтті ол.
«Кемелденген машина жасау саласын құру біздің қолымыздан келеді. Біз Мемлекет басшысына осы жылдар ішінде қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғысымызды айтамыз», — деп түйіндеді М.Пішембаев.
Кездесуді түйіндей келе, С.Ахметов саланың бүгінгі даму көрсеткішінің мемлекет жүргізіп отырған саясаттың тиімділігін дәлелдейтінін, сөйтіп бұл бағыттағы жұмыстың жалғаса беруі керектігін атап көрсетті.
Осыған орай Үкімет басшысы ИЖТМ-ге Машина жасаушылар одағымен бірлесіп электр техникалық өнімдер бойынша конструкторлық бюро құру және жаңа машина жасау өнімдері түрлерін өндіруді игеруге кететін шығындардың орнын толтыру тетіктерін жасауды тапсырды.
Бұдан басқа, С.Ахметов «Офсеттік саясат туралы» Заң жобасын әзірлеуді және ҮИИДМБ екінші бесжылдығында белгіленген міндеттерді есепке ала отырып 2020 жылға дейін машина жасаудың салалық бағдарламасын жасауды тапсырды.
«Мемлекет басшысы машина жасау саласының дамуын айрықша назарда ұстап отыр. ҮИИДМБ шеңберінде бәсекеге қабілетті өнім түрлерін өндіретін жаңа кәсіпорындар пайда болуда. Үкімет өз тарапынан одан әрі саланы қолдауды жалғастыра беруге әзір», — деп түйіндеді Премьер-Министр.
Ақпарат дерекнамасы: www.primeminister.kz


Сегодня в Үкімет үйі Премьер-Министр РК Серик Ахметов провел встречу с членами Союза машиностроителей Казахстана. В ходе встречи обсуждены текущая ситуация, планы на будущее и проблемные вопросы отрасли.

О развитии отечественного машиностроения доложил первый вице-министр индустрии и новых технологий РК А.Рау. По его словам, в отрасли прослеживается положительная динамика роста, но есть большой потенциал для более ускоренного развития.«За первое полугодие объем производства отрасли составил 367 млрд. тенге. По году можем выйти на 5 млрд. долларов США», — сообщил А.Рау.

Также наблюдается увеличение доли машиностроения в структуре обрабатывающей промышленности. За январь-июнь 2013 года доля отрасли по сравнению с аналогичным периодом прошлого года увеличилась на 2% и составила 13,2%.

По его данным, в первом полугодии т.г. произведено 45 дизельных локомотивов с ростом в 1,6 раза, производство автомобилей выросло в 2,2 раза – более 16 тыс., в нефтегазовом машиностроении рост составил 31%, в горнорудном — 12%.

«Осуществляется государственная поддержка отрасли. На сегодня 15 предприятий вошли в программу «Производительность-2020». В рамках Карты индустриализации реализуется 57 проектов на общую сумму порядка 197 млрд. тенге», — отметил он.

А.Рау выступил с предложением рассмотреть вопрос введения государственного субсидирования потребительских кредитов на покупку автомобилей отечественного производства. «Это очень хороший инструмент. Поэтому просили бы госорганы этот вопрос рассмотреть», — обратился вице-министр.

Также с докладом о развитии машиностроения выступил председатель правления Союза машиностроителей, депутат Мажилиса Парламента РК М.Пшембаев.

Он отметил, что за три года реализации ГП ФИИР отрасль машиностроения выросла более чем 2,5 раза. «В этом году, по нашим прогнозам, объем производства составит 800 млрд. тенге, а к 2015 году ожидаем, что перевалит за 1 трлн. тенге. Это стало возможным благодаря четкой поддержке со стороны государства, принятию ГП ФИИР и вкладу самих машиностроителей», — подчеркнул он.

«Создание развитой отрасли машиностроения нам под силу. Мы благодарим Главу государства за поддержку, которая оказывается нам все эти годы», — заключил М.Пшембаев.

Резюмируя итоги встречи, С.Ахметов отметил, что сегодняшние показатели развития отрасли свидетельствуют об эффективности проводимой политики государства. Вместе с тем, работа в данном направлении должна быть продолжена.

В этой связи глава Правительства поручил МИНТ совместно с Союзом машиностроителей рассмотреть вопросы создания конструкторского бюро по электротехнической продукции и разработки механизма возмещения затрат на освоение производства новых видов машиностроительной продукции.

Кроме того, С.Ахметов поручил проработать вопросы разработки Законопроекта «Об офсетной политике» и отраслевой программы развития машиностроения до 2020 с учетом задач, поставленных во второй пятилетке ГП ФИИР.

«Глава государства внимательно следит за развитием машиностроительной отрасли. В рамках ГП ФИИР появляются новые производства, конкурентоспособные виды продукции. Правительство со своей стороны готово продолжать поддерживать отрасль», — заключил Премьер-Министр РК.

Источник: www.primeminister.kz

Протокол совещания (скачать)

Kazakh Prime Minister Serik Akhmetov has held a meeting with members of the Kazakhstan Union of Machine Builders at Ukimet Uyi today.

First Vice Minister of Industry and New Technologies Albert Rau spoke on the development of Kazakhstan’s machine building sector.

According to him, the industry has positive dynamics of growth, but there is great potential for more rapid development.

«For the first half of the year the volume of production in the sector amounted to 367 billion tenge. By yearend we may reach 5 billion U.S. dollars,» Rau said.

Also, there is an increase in the share of machinery in the structure of the manufacturing industry. During January-June 2013 the share of this industry in comparison with the same period last year increased by 2% to 13.2%.

According to him, in the first half of this year there were produced 45 diesel locomotives, thus the production increased 1.6 times, car production increased 2.2 times — more than 16 thousand units, in the oil and gas engineering industry production grew by 31%, in mining — 12%.

«The government provides support to the industry. At present, 15 companies entered the program «Productivity 2020″. 57 projects totaling 197 billion tenge are implemented as part of the Industrialization Map,» he said.

A.Rau made a proposal to consider the introduction of state subsidies of consumer loans for the purchase of domestically produced vehicles. «This is a very good tool. Therefore, we urge state agencies to consider this issue,» the Vice Minister added.

Chairman of the Union of Machine Builders, Majilis deputy M. Pshembayev told about the development of machine building industry as well.

He noted that over the three years of the state program of forced industrial innovative development Kazakhstan’s machine building sector grew more than 2.5 times. «This year, we forecast that output will reach 800 billion tenge, and by 2015 we expect more than 1 trillion tenge. This was possible due to the support of the state, adoption of the state program of forced industrial innovative development and contribution of machine builders,» he stressed.

Summing up the meeting, Serik Akhmetov noted that current indicators of the sector show the effectiveness of the policy of the state. However, work in this direction should be continued.

In this regard he instructed the Ministry of Industry and New Technologies and the Union of Machine Builders to address the development of the design bureau of electrical products and the development of cost-recovery mechanism for the development of new types of machinery products.

In addition, Akhmetov instructed to study the issues on the development of the draft law «On the offset policy» and sectoral program on machine building sector development until 2020 with account of the objectives of the second five-year industrialization plan.

«The Head of State is closely monitoring the development of the machine building industry. The Government, for its part, is ready to continue to support the industry,» the Prime Minister concluded.