ҚМЖО Сингапур өнеркәсіпшілерімен меморандумға қол қойды
2019 жылғы 22 қазанда «Азия-Тынық Мұхиты Аймағының Өнеркәсіптік Трансформациясы» атты халықаралық көрмесіне Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Елшісі Аркен Арыстанов пен «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ директорының орынбасары Ермек Тентек қатысты. Бұл көрмеге 30 елдің 330 компаниясы қатысуда, олар негізгі бес бағытты қамтиды: аддитивті өндіріс, цифрлық зауыт, өнеркәсіптік автоматика, жүйелік логистика және интеграцияланған энергетика.
Аталған көрме аясында өнеркәсіп, сауда және инвестиция саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Қазақстанның машина жасаушылар одағы мен Сингапур өнеркәсіпшілер федерациясы (Singapore Manufacturing Federation) арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Сондай-ақ, тараптар екі мемлекет компаниялары арасындағы байланыс пен өзара әрекеттесуді орнатудың келешегін талқылады.