“Атыраунефтемаш”-тың 100 жылдығы

Қазақстан машина жасаушылары Одағы “Атыраунефтемаш” ЖШС ұжымын кәсіпорынның 100 жылдығымен құттықтайды!

Өзінің ғасырлық тарихында “Атыраунефтемаш” қалыптасу мен дамудың даңқты жолын өтті.

Механикалық шеберханалардан бастап, жаңғыртуға, біліктілігін арттыруға және инновациялық технологияларды енгізуге дейінгі жолды өткеріп, бүгінде “Атыраунефтемаш”  отандық мұнай-газ машина жасау флагмандарының біріне айналды.

Зауыттың ғасырлық тарихы өзінің Anaco компаниясының 25 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келгенінде де символдық мәні бар.

Даңқты еңбек жолы жаңа жобалар мен белгіленген жоспарларды іске асыруға мүмкіндік туғызсын! Ұжымдарыңызға табысты еңбек, тұрақтылық пен экономикалық өркендеуді тілейміз!