Google мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қосымшаны іске қосты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Google компаниясы Voice Access қосымшасын іске қосты. Оның көмегімен Android платформасында ұялы құрылғыны дауыс арқылы қолдануға болады. Бұл қосымша мүмкіндігі шектеулі жандардың ұялы телефонды оңай қолданулары үшін жасалған, делінген компанияның ресми блогында.
Voice Access дауыс беру командасының көмегімен саусақтарды қолданбай-ақ мәтін теріп, бір қосымшадан басқа қосымшаға кіруге, сондай-ақ қосымшаны қолданып жатып, «батырманы» басуға және жылжытуға мүмкіндік береді.
Қайнар көз: https://www.inform.kz/kz/google-mumkindigi-shekteuli-zhandarga-arnalgan-kosymshany-iske-kosty_a3410138