Форум туралы

Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы

2018 жылдың 20-21 қыркүйегінде Астана қаласының EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы өз жұмысын бастайды.

Форумды Қазақстан Республикасы Үкіметі және «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар Одағы ұйымдастырады.

Форумның бірінші күнінде секциялық отырыстар өткізіледі, екінші күн кеңейтілген пленарлық отырысқа арналады.

Секциялық отырыстар жұмысы барысында қатысушылармен отандық машина жасаудың одан әрі дамуы, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және баға құрудың әлемдік тізбегіне тізілу бойынша практикалық ұсыныстар әзірленетін болады.

Кеңейтілген пленарлық отырыста күні бойы саланы дамытудың ең маңызды және өзекті мәселелері кеңінен және қолжетімді талқыланатын болады.

Форумға 20-дан астам әлем мемлекетінен келетін кем дегенде 1000 делегаттардың, оның ішінде жетекші отандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшыларының, квазимемлекеттік сектор, даму институттары, бизнес қауымдастықтары және үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Форум қорытындысы бойынша, 2019-2030 жылдарға арналған Қазақстан машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарының жобасы  ұсынылатын болады, ол орта мерзімді кезеңде саланы дамытудың стратегиялық көрінісі болады.

Орналасқан жері

Форум ұйымдастырушылары


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi

Қазақстан машина жасаушылар Одағы


Қолдаушылар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКIМЕТI

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы


Бас серіктес

Серіктес


«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«Теңізшевройл» ЖШС