VI Форумы (2018)

Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы

2018 жылдың 20-21 қыркүйегінде Астана қаласының EXPO Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VI Форумы өз жұмысын бастайды.

Форум ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлерінің Ұлттық палатасының қолдауымен Қазақстан машина жасаушылар Одағы болып табылады.

Алдағы Форумның тақырыбы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауының бірінші басымдығы Индустрияландыруға арналған.

Форумның бірінші күні секциялық отырыстар өткізіледі, екінші күн кеңейтілген пленарлық отырысқа арналатын болады.

Секциялық отырыстар жұмысы барысында қатысушылармен отандық машина жасаудың одан әрі дамуы, бәсекеге қабілеттілігін арттыру және баға құрудың әлемдік тізбегіне тізілу бойынша практикалық ұсыныстар әзірленетін болады.

Кеңейтілген пленарлық отырыста күні бойы саланы дамытудың ең маңызды және өзекті мәселелері кеңінен және қолжетімді талқыланатын болады.

Форумға 30-дан астам әлем мемлекетінен келетін кем дегенде 900 делегаттардың, оның ішінде жетекші отандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшыларының, квазимемлекеттік сектор, даму институттары, бизнес қауымдастықтары және үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Форум қорытындысы бойынша отандық машина жасауды одан әрі дамыту бойынша практикалық ұсыныстарды әзірлеу жоспарлануда.