Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен 2025 жылдың қорытындысы бойынша Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Алқа отырысы өтті.
Шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының, мемлекеттік органдардың, өңірлер әкімдіктерінің, ұлттық компаниялардың өкілдері, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелері мен ведомствоға қарасты ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Министрліктің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспарлары қаралды.
Алқа отырысын ашқан Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында және Үкіметтің кеңейтілген отырысында Министрлік алдына бірқатар нақты міндеттер қойылғанын атап өтті.
«2025 жылдың қорытындылары өнеркәсіп пен құрылыс саласының жаңа даму кезеңіне қадам басқанын дәлелдейді. Өндірістің өсуі, тұрғын үйдің рекордтық көлемде пайдалануға берілуі, жаңа инвестициялық жобалар және жер қойнауын пайдалану саласындағы реформалар – бұл әрі қарай сапалы серпіліс жасауға негіз болатын берік іргетас», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің өсімі 6,4%-ға жетті.
Оң динамика металлургия (1,2%-ға), машина жасау (12,9%-ға), химия өнеркәсібі (9,8%-ға), құрылыс материалдары өндірісі (9,7%-ға), резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі (7,6%-ға) және басқа да салалардағы өсім есебінен қамтамасыз етілді.
Жалпы сомасы шамамен 1,5 трлн теңгені құрайтын 190 жоба пайдалануға беріліп, 22 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.
Қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімі іске қосылып, жүйеде 800-ден астам компания тіркелді.
Үш жаңа арнайы экономикалық аймақ («Ақтөбе», «Атырау» және «Қорқыт Ата» АЭА) құрылып, ірі жобалар бойынша 13 инвестициялық келісімге қол қойылды.
2026 жылға арналған жоспарлар
Жиын барысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері Олжас Сапарбеков, Қуандық Қажкенов, Иран Шархан және Жәннат Дүбірова 2025 жылғы нәтижелері жөнінде есеп беріп, Министрлік қызметінің негізгі бағыттары бойынша алдағы кезеңге арналған жоспарларды жан-жақты таныстырды.
2026 жылы «Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2,8 мың шақырым су бұру желілерін және 5 мың шақырым су құбыры желілерін жаңарту жоспарланған. Нәтижесінде 2030 жылға қарай олардың тозу деңгейі тиісінше 33% және 41%-ға дейін төмендетіледі.
Өнеркәсіпте стандарттарды кезең-кезеңімен бекіте отырып, кең ауқымды цифрландыруға көшу күтілуде. 2026 жылы нормативтік база қалыптастырылып, ал 2027 жылдан бастап цифрлық егіздер өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін міндетті стандартқа айналады. Бұл негізгі өндірістік процестердің басқарылатын цифрлық контурға көшетінін білдіреді.
Биыл жалпы сомасы 1,7 трлн теңгені құрайтын шамамен 200 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл жобаларды іске қосу нәтижесінде 19,4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны құрылады.
Олардың қатарында:
Барлық жобалар толық қуатына шыққан кезде өндіріс көлемі шамамен 2,3 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде экспортқа 0,5 трлн теңге көлемінде өнім шығару, импортты алмастыру – 1,5 трлн теңге соммаға жоспарланған.
Алқа отырысында сөйлеген сөзінде Роман Скляр Министрлік басшылығына бірқатар негізгі бағыттардың іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Оның ішінде:
Жалпы Алқа отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының Жолдауында және Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды ескере отырып, алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды.
Дереккөз: ҚР ӨҚМ