Ғалымов Арман Ғабдылғазұлы

«Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ атқарушы дирекциясы директорының орынбасары

Білім:

2010 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Машина жасау» мамандығы бойынша бітірген.

2022 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Механика және металл өңдеу» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.


Еңбек қызметі: 

2010-2014 жылдары – «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-да дайындау цехының штамптаушы-престеуші, инженер-конструкторы.

2014-2018 жылдары – «СемАЗ» ЖШС стандартты емес және аспалы жабдықтарды дәнекерлеу-құрастыру учаскесінің инженер-конструкторы, басшысы.

2018-2021 жылдары – «Семей механикалық зауыты» ЖШС инженер-конструкторы, бас конструкторы.

2021-2023 жылдары – «Modex» ЖШС жетекші инженер-конструкторы, жетекші технолог.

2023 жылдан 2024 жылға дейін жеке меншік компанияда жұмыс істеді.

2024 жылдан бастап – «Қазақстан машина жасаушыларының одағы» ЗТБ талдау бөлімінің басшысы.

2025 жылдың сәуір айынан бастап «Қазақстан машина жасаушыларының одағы ЗТБ атқарушы дирекциясы директорының орынбасары болып тағайындалды.